Жаңалықтар
1 маусым демалыс күні бола ма: вице-министр жауабы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев 1 маусымды ресми мереке етіп белгілеу туралы шешім қашан қабылданатынын айтты, деп жазды Qandastar.kz.
Оның айтуынша, жаңа мереке енгізу туралы кез келген ұсыныс мемлекеттік органдармен қарастырылып, келісілуі керек.
«Расында, мұндай ұсыныс айтылды. Қазір мемлекеттік органдармен және сарапшылармен талқылау жүргізіліп жатыр. Бұл талқылаудың қорытындысын сіздерге ұсынамыз», – деді Ертаев үкіметтің брифингінде.
Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев бұл мәселеге қатысты әр министрлік өз көзқарасын білдіруі тиіс екенін айтты. Барлық дерек жиналған соң, мәселені үкімет басшылығы қарайды. Шешім 1 қыркүйекке дейін қабылдануы тиіс.
Еске салсақ, Қазақстанда 1 маусым – Балалар қорғау күнін демалыс күні ету ұсынылған еді.