Жаңалықтар
Алакөлде катер қағып кеткен әйел көз жұмды

Фото: ашық дереккөз
Абай облысындағы Алакөлде катер 63 жастағы әйелді қағып кетті. Амал нешік, демалушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Alash.kz.
Оқиға жағалаудан 200-250 метр қашықтықта болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел қауіпсіздік аймағынан асып жүзіп кеткен. Бұл жайлы «Астана» телеарнасы жазды.
Катер жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сот-медициналық және техникалық сараптамалар тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабымен тергеу жүргізілуде.