Жаңалықтар
«Көптен күткен бақыты»: Динара Сәтжан үлкен той жасайтындарын айтты

Динара Сәтжан желідегі парақшасында отбасында үлкен тойға дайындық басталғанын жазды, — деп хабарлайды Qandastar.kz
Сөзінше, тележүргізушінің інісі шаңырақ құрғалы жатыр екен.
«Сәтжановтар әулетіне бір мүше қосылды. Арай, шын жүректен қош келдің! Ініміз Паша көптен күткен бақытын өз туған жері – Қарағандыдан тапты. Бүгін сырға салу рәсімін сән-салтанатымен өткіздік. Алда — үлкен той! Жас жұбайларға мәңгілік махаббат пен баянды бақыт тілейміз!», — деп жазды Динара Сәтжан.
Оқырмандары тележүргізушіні құттықтап, ақ тілектерін арнауда.