Жаңалықтар
Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты іс тоқтатылдытың өліміне қатысты іс тоқтатылды

Фото: бейнежазбадан кадр
Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды qandastar.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Шерзат Полаттың отбасының адвокаты Мейірман Шекеев өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
Бұған дейін алдын ала мәліметтер бойынша, «Ғайыпбаевтың өз-өзіне қол жұмсағаны» айтылған болатын. Тергеу барысында қандай да бір қылмыстық белгілер анықталмаған.
Алайда марқұмның туыстары бұған келіспейді. Адвокаттар істі қайта жандандыру туралы өтініш түсірмек.
Сонымен қатар, Мейірман Шекеев Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша апелляциялық отырыс 18 тамызда Алматы облыстық сотында өтетінін хабарлады.
Бұл іске қатысты сотталған тоғыз адамның сегізі апелляциялық шағым түсірген. Тек Думан Ысқақов қана шағым бермеген. Ол тағайындалған жаза мерзімін толық өтеп, жақында бостандыққа шықты. Думан Ысқақ 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған болатын.