Жаңалықтар

Құмар ойынды жарнамалаған блогер Байзақовтың видеосы тексеріске ілікті

Фото: pixabay.com

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Сабырғали Балғалиев құмар ойынға жарнама жасаған қазақстандық блогердің ісі қаралып жатқанын айтты, деп жазды qandastar.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналистер Балғалиевтен аталған жарнамасы бар видеода алматылық блогер Байзақовтың (аты нақты көрсетілмеген) әрекеті қаншалықты заңды екенін сұрады.

«Біз заңсыз ойын бизнесіне қатысты әрекеттерді тоқтату жұмыстарын жүргізіп келеміз. Оның ішінде заңсыз контент пен құмар ойындарды жарнамалағаны үшін де жауапкершілік қарастырылған. Бұл – әкімшілік құқықбұзушылық», – деді спикер.

Оның айтуынша, Байзақовқа қатысты материалдар жиналып, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ҚР Спорт және дене шынықтыру істері министрлігіне жолданған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button