Жаңалықтар

Сорбұлақтағы жоғалған тікұшақтың бөлшектері мен адам денесі табылды

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстанда іздеу-құтқару операциясы кезінде тікұшақтың су астындағы сынықтары мен бір адамның мәйіті табылды, деп жазды qandastar.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, апаттан кейін бірден тәулік бойы үздіксіз іздеу-құтқару жұмыстары басталды. Операцияға қорғаныс министрлігі, төтенше жағдайлар министрлігі, ішкі істер министрлігі және басқа да ведомстволардың мамандары жұмылдырылған.

“Қазақстан ғарыш сапары” АҚ спутниктік деректер мен математикалық есептеулер арқылы тікұшақтың ықтимал орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік берді.

“Арнайы техникамен барған іздеу топтары су астында жұмыс істей отырып, шамамен 14 метр тереңдікте әуе кемесінің бөлшектері мен бір адамның мәйітін тапты. Қазір марқұмды сәйкестендіру жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады ведомство.

Әскери тікұшақтың жоғалғанына екі апта болды. Осы уақыт ішінде көлдің тек 50%-ы зерттелген. Төтенше жағдайлар министрі Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, су тереңдігі 25 метрге дейін жетеді. Ізестіру жұмыстарына кедергі көп.

“Батпақтан көл түбі көрінбейді, айналада қамыс көп. Осының барлығы іздеу жұмыстарын қиындатып отыр, – деді ол.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button