Жаңалықтар

Алматы облысында тікұшақ құлаған жерден екінші адамның мәйіті табылды

Фото: ашық дереккөз

Қорғаныс министрлігі тікұшақ құлаған орыннан екінші адамның мәйіті табылғанын мәлімдеді, деп жазды qandastar.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

EC-145 тікұшағы құлаған аймақта іздестіру-құтқару іс-шаралары кезінде мәйіт судан шығарылды.

“Қазіргі уақытта құзыретті органдардың қатысуымен анықтау рәсімі жүргізіліп жатыр. Естеріңізге сала кетсек, іздеу жұмыстары Қорғаныс министрлігінің, ТЖМ, ІІМ және басқа да ведомстволардың барлық қажетті күш-құралдарын жұмылдыра отырып, тәулік бойы іске асырылуда”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, 9 тамызда Сорбұлақтағы жоғалған тікұшақтың бөлшектері мен адам денесітабылғаны туралы хабарлаған едік.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button