
Фото: Видеодан скрин
Талас ауданында жасөспірімдерді құлдықта ұстау бойынша облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен арнайы жұмыс тобы құрылды, деп жазады qandastar.kz
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыс әкімінің орынбасары жетекшілік ететін жұмыс тобы мәселені толық анықтау үшін сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқықтарын қорғау үшін зерделеу және тексеру жұмыстары жүргізіледі.
“Зрделеу нәтижесіне сәйкес қосымша ақпарат жолданады. Қазіргі таңда тиісті құзырлы органдармен бірлесіп жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қолға алынды”, – деп мәлімдеді Жамбыл облысынң әкімдігі.
Құлдықта болып келген балалардың оқиғасынан кейін осы секілді келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында алдағы уақытта өңірдегі өзге де білім мекемелері жан-жақты тексерілмек.
Еске салайық бұған дейін Жамбыл облысында мал бағып жүрген балалардың өздеріне көмектесуін сұрағанытуралы жазған едік. Кейін жасөспірімдерді құлдықта ұстаған күдікті ұсталды.



