Әлеумет және қоғам

Қазақстан Аляскадағы кездесуді Украина бойынша келіссөздер үдерісінің бастамасы ретінде құптайды

Фото: Ақорда
Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуін Украина бойынша ең жоғары деңгейдегі келіссөздер үдерісінің бастамасы ретінде құптайды, деп хабарлайды qandastar.kz Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіде жазды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тарихи саммит екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды деп санайды. Олар қазіргі заманның ең басты проблемаларына, соның ішінде Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуға қатысты ортақ шешім табуға шынайы ниетті екенін көрсетті», делінген хабарламада.

Бұған дейін Трамп пен Путиннің Аляскадағы келіссөздерінің қорытындысы жарияланғанын жазғанбыз. Сондай-ақ бұл кездесуге қатысты саясаттанушылар қандай ойда екенін де жеткізген едік.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close