Жаңалықтар
Аукционда Мәсімовтің тәркіленген мүліктері 10 млн теңгеге сатылды

Қазақстанның экс-премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің үйінен алынған заттар аукцион арқылы сатылды. Сауда қорытындысында 43 мүлік жаңа иелерін тапты, деп хабарлайды qandastar.kz.
Лоттар арасында кәдесыйлық монеталар, қылыштар және тұрмыстық заттар болған. Жалпы құны 10 миллион теңгеден асқанымен, бастапқы бағасы 7 миллион теңге шамасында еді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аукционға қатысушылардың белсенділігі жоғары болды. Кейбір лоттардың құны бірнеше мәрте көтерілген. Бұл қоғамда Мәсімовтің жеке заттарына деген қызығушылық бар екенін байқатты.