Жаңалықтар
Берденов ісі бойынша судья сот отырысында тілін шығарды

Видеодан скриншот
Қазақстандық журналист Ботагөз Омарова Руслан Берденовті өлтіруге оқталу ісін қараған судьяның камераға тілін шығарған видеосын жариялады, деп жазды qandastar.kz
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шымкентте судья Әбинұр Қарабаев журналистке қарап, ойнақы қимыл жасады. Журналист судьяның неліктен өз эмоциясын бұлай білдіргені әзірге белгісіз.
«Қарабаевқа не болды? Бұл қимылға не себеп болды? Бәрі жақсы ма? Мен білмеймін, мен ол үшін алаңдаймын», – деді Омарова.
Соңында журналист әріптестерінен Қарабаевтың тағы кімге тілін шығарғанын сұрады.
Еске салсақ, Шымкентте қала әкімінің орынбасарына қастандық жасаған күдіктіге қатысты сот жалғасып жатыр. Прокурор айыпталушыға 11 жыл 3 ай тағайындаудысұрады.