Әлем жаңалықтары

Үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі сейілді – Трамп

Фото:Дональд Трамп (Фото: Kevin Dietsch / Getty Images)

АҚШ президенті Дональд Трамп әлем жаңа дүниежүзілік соғысқа жақындап қалғанын, алайда бұл қауіп қазір тоқтатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол радио жүргізушісі Марк Левинге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды qandastar.kz Известияға сілтеме жасап.

Трамптың сөзінше, 44-ші президент Джо Байденнің кезінде жаһандық қақтығыс қаупі күшейген.

Менің ойымша, бұл үшінші дүниежүзілік соғысқа жақындады, бірақ қазір олай болмайды. Бұл жақсы жаңалық. Енді алаңдаудың қажеті жоқ, – деді ол.

BAQ.KZ жазғандай, Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт АҚШ пен Ресей арасында Украинаға қатысты қауіпсіздік кепілдіктерін талқылап жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, мұндай кепілдіктердің бөлігі ретінде әуе қолдауы да қарастырылуы мүмкін.

Айта кетейік, 18 тамызда Ақ үйде Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің кездесуі өтіп, жабық есік жағдайында 30 минуттық келіссөз жүргізілді. Кейін олар Еуропалық Одақ елдері басшыларымен сөйлесті.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close