Жаңалықтар
«Екеуі де бөпе ғой»: 2007 жылғы жас жұбайлардың тойы қызу талқыға түсті

Фото: видеодан скрин
Желіде 2007 жылғы жас жұбайлардың шаңырақ көтерген видеосы жарияланды, деп жазды qandastar.kz
Aikyn.kz хабарлағандай, бұл көрініс желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Бірі олардың небәрі 18 жаста үйленгенін ерте деп санаса, енді бірі бақыт тілеп жатыр.
«Неге сонша асықтыңдар екен», «Әлі кішкентай балалар ғой», «Мәз-мейрам болып тұр, жарасымды жұп», «Жалпы, қарсымын, тым жас, ұлым 2008. Не біледі бұлар, әлі бала ғой», «Бақытты болсын, сүйкімді екеуі де», – деп жазды желі қолданушылары.