Білім

Жаңа оқу жылында бір оқушыны мектепке дайындау қанша тұрады: Ата-аналар шығындарымен бөлісті

Фото: Stan.kz / ЖИ көмегімен жасалған

1 қыркүйек жақындаған сайын ата-аналар баланы мектепке даярлау қаншалықты қымбатқа түсетінін сезініп отыр. Алматыда бір оқушыны толық жабдықтау үшін базарда ең кемі 70 мың теңге, ал сауда орталықтарында 100 мың теңгеден аса қажет, деп жазды qandastar.kz

Stan.kz мектеп жәрмеңкесіндегі және сауда үйлеріндегі бағаны салыстырып, ата-аналардың тәжірибесін тыңдап көрді.

Алматылық Әсел Исаева есімді ана биыл екі баласын мектепке дайындауға былтырғыдан әлдеқайда көп қаражат жұмсағанын айтады.

«Өткен жылы 45 мың теңгеге күздік күртеше, қонышы ұзын аяқ киім және жылы жемпірлерін қоса алса, биыл сол сома тек бір реттік киіндіруге ғана жеткен. Киімді әр тоқсанға есеппен аламыз. Себебі балалар тез өсіп, тез тоздырады. Ұлымның спорттық аяқ киімі былтыр 13 мың теңге болса, биыл 17 мың теңгеге шыққан”, – деді Әсел Исаева.

Ал қызының спорттық аяқ киімі өткен жылы 12 мың теңге тұрса, биыл 16 мың теңгеге алынған деді Әсел.

Кеңсе тауарлары:

•    Күнделік – 1200 теңге
•    Қаламсап қорабы (пенал) – 2500 теңгеден бастап
•    Сызғыш – 450 теңге
•    Қарындаш – 110 теңге
•    Түрлі түсті қарындаштар – 1200 теңгеден бастап
•    Ұштағыш – 500 теңге
•    Өшіргіш – 300 теңге
•    Көк қаламсап (1 дана) – 150 теңге
•    Түрлі түсті қаламсаптар – 900 теңгеден бастап
•    12 бет дәптер – 28 теңге (данасы)
•    Қаптамалар – 4200 теңге (10 дана)
•    Сурет альбомы – 1500 теңге
•    Бояулар (акварель) – 1800 теңге
•    Гуашь – 1800 теңге
•    Қылқаламдар – 800 теңге
•    Су төгілмейтін стақан – 300 теңге
•    ПВА желімі – 700 теңге
•    Желі-қарындаш – 400 теңге
•    Ермексаз (пластилин) – 2200 теңге
•    Қайшы – 300 теңге
•    Түрлі түсті қатырма қағаз – 1000 теңге
•    Түрлі түсті қағаз – 800 теңге
•    Дәптерге арналған папка – 550 теңге
•    Ауыстыратын аяқ киімге арналған сөмке – 3500 теңге
•    Сөмке (ранец) – 18000 теңгеден бастап
•    Кітап қоятын тіреуіш (қалауы бойынша) – 1800 теңге.

«Кеңсе тауарларының жалпы құны бір оқушыға шамамен 45 380 теңге. Менің екі балам бар. Осылайша кеңсе тауарларының өзіне 90 760 теңге кетті. Біз бәрін ең төменгі бағамен алдық. Бұл есеп бір тоқсанға ғана жететіндей жасалған. Қаламсаптарды қаптамамен алу керек, себебі балалар оларды жиі жоғалтады”, – деп түсіндірді Әсел Исаева.

Отбасы әзірге жеңіл түрін ғана алған, күн салқындағанда қалыңдау шалбар алуды жоспарлап отыр. Ал спортқа арналған кроссовки қымбатқа түскен: жеңілдікпен тұрған Adidas маркасын шамамен 20 мың теңгеге алған. Дене шынықтыру мен жалпы дене дайындығына бөлек аяқ киім қажет болғандықтан, амалсыз осыны таңдаған.

Кеңсе тауарларына ақша шығармаған. Бұл тұрғыда үлкен жеңілдік болған, себебі ата-анасы 30 жылдан бері оқулық пен кеңсе тауарларын сатумен айналысады екен. Сол себепті атасы мен әжесі алдын ала қамданып, барлық қажетті құралды жинап, дайын пакет түрінде немересіне беріп қойған.

Екатеринада 1-сыныпқа баланы жинаудың құны қанша шықты?

  1. Рюкзак (ABDI) – 11 400 теңге
  2. Екінші аяқ киім («Детский мир») – 12 000 теңге
  3. Мектеп формасы тапсырыспен (бомбер, ұзын жеңді поло, қысқа жеңді поло) – шамамен 30 000 теңге
  4. Брюки (1 дана) базардан – 5 000 теңге
  5. Adidas кроссовкасы – шамамен 20 000 теңге
  6. Канцелярия – ең қажеттісінің өзі кемінде 10 000 теңге.

Жалпы: 88 400 теңге

Ал шын мәнінде, балаға бүкіл жылға екі футболка, бір-ақ ауыстыратын аяқ киім мен бір шалбар жеткіліксіз. Оның үстіне бұл тек бір ғана балаға кеткен шығын», – деді Екатерина.

Назерке Сейітбекова баласын бірінші сыныпқа дайындауға кеткен шығындарды есептеп шыққан. Оның айтуынша, кеңсе тауарларын базардан 26 мың теңгегеалған.

«Детский мир» дүкенінен екі майканы 3 699 теңгеге, бір кроссовкиді 3 899 теңгеге, тағы бір кроссовкиді 5 899 теңгеге, бомберді 4 400 теңгеге, үш жұп шұлықты 1 300 теңгеге, шортты 1 300 теңгеге және ақ футболканы 2 600 теңгеге сатып алдық.  Next.com сайтынан екі жейде мен төрт полоны барлығы 19 мың теңгеге, Glasman дүкенінен шалбарды 14 мың теңгеге, галстукті 2 мың теңгеге сатып алдық», –деді Назерке Сейітбекова.

Бұдан бөлек ол «Фламинго» дүкенінен Түркия былғарысынан жасалған мокасин аяқ киімді 20 500 теңгеге сатып алған. Рюкзакқа қаражат жұмсамай, Түркиядан ортопедиялық үлгідегі сөмкені сыйлыққа алған. Осылайша, жалпы шығын көлемі 108 296 теңге болған.

Сонымен қатар қатар қазір ата-аналар үйден шықпай-ақ онлайн-сауда платформаларынан мектепке қажетті заттарды сатып алып жүр. Осы ретте редакция отандық және танымал қытайлық маркетплейсте қанша теңгеге сатылып жатқанын зерттеп көрді.

Қыз балаға:

•    Сарафан – 9 500 теңге (Қытай сайтында 4 950 теңге)
•    Ақ блузка – 4 497 теңге (Қытай сайтында 2 650 теңге)
•    Белдемше – 10 000 теңге (Қытай сайтында 1 050 теңге)
•    Туфли – 27 800 теңге (Қытай сайтында 1 050 теңге)

Жалпы (Қазақстан бағасымен): 51 797 теңге
Жалпы (Қытай бағасымен): 9 700 теңге.

Ұл балаға:
•    Костюм (шалбар, пиджак, жакет, галстук) – 16 000 теңге (Қытай сайтында 3 900 теңге)
•    Мектеп жейдесі – 8 160 теңге (Қытай сайтында 1 450 теңге)
•    Жилет – 4 219 теңге (Қытай сайтында 2 100 теңге)
•    Аяқ киім – 21 900 теңге (Қытай сайтында 3 400 теңге)

Жалпы (Қазақстан бағасымен): 50 279 теңге
Жалпы (Қытай бағасымен): 10 850 теңге.

Қазақстандағы Kaspi қосымшасындағы бағамен мектеп формасын алсақ, қыз балаға қажетті жиынтық 51 797 теңгеге, ал ұл балаға 50 279 теңгеге шығады. Барлығы екі балаға – 102 076 теңге қажет. Ал дәл осы киімдерді Қытайдың Pinduoduo сайтынан алсақ, қыз балаға – 9 700 теңге, ұл балаға – 10 850 теңге, барлығы небәрі 20 550 теңге болады. Яғни айырмашылық бес еседен асады.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button