Жаңалықтар

Көкшетаулық шенеунік пен 9 жүргізуші мұнай өнімдерімен айналысқан заңсыз схема ұйымдастырған

Фото: pixabay

Көкшетау қалалық соты Ақмола облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды  qandastar.kz

Сот алдында бұрынғы инспекция бөлімінің басшысы, делдал және тоғыз жүргізуші болды. Тергеу барысында лауазымды тұлғаның делдал арқылы тиісті рұқсат құжаттары жоқ, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын өрескел бұза отырып мұнай өнімдерін тасымалдауға жалпы қамқорлық көрсеткені үшін жүйелі түрде пара алғаны анықталды.

Dalanews.kz жазғандай,   сот барлық фигуранттарды пара алу және беру дерегі бойынша кінәлі деп таныды. Көлік прокурорының өтінішхатын қанағаттандырып, сот Көліктік инспекциядағы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің атына жеке ұйғарым шығарды.

Сот процесі инспекция қызметкерлерінің қатысуымен ашық түрде өтті.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close