Жаңалықтар

Тоқаев тағы агенттіктің өкілеттігін кеңейтті

Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ережеге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды qandastar.kz

Қыркүйектен бастап ведомствоға жаңа міндеттер жүктеледі.

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ведомствоның жұмысына жаңа бағыттар қосылады.

Олардың қатарында:

мобилизациялық дайындық шаралары;

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен киберқауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау;

мемлекеттік құпияларды қорғау;

мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты заңға тәуелді актілерді әзірлеу бар.

Ал 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап агенттікке тағы екі функция беріледі:

салықтық жеңілдіктерді келісу;

көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шараларына қатысу.

Тиісті Жарлық 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді, ал жекелеген нормалар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close