Әлем жаңалықтары

Тянь-Шань тауында қалып қалған әйелге қатысты жантүршігерлік тың дерек шықты

Фото:Наталья Наговицына

Ресейлік альпинист Наталья Наговицынаның денесін Тянь-Шаньдағы «Победа» шыңынан 2026 жылдың көктеміне дейін эвакуациялау мүмкін емес, деп qandastar.kz тілшісі Sportinside.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, 2025 жылғы альпинистік маусым ресми түрде жабылды. Құтқару жұмыстары тек келесі көктемде қайта жалғасады деп күтіледі.

Mash құтқарушылардың соңғы әрекетінен кадрлар да жариялаған: 6100 метр биіктікте қарлы боранмен арпалысқан топ спортшыға жете алмады. Өйткені Наговицына одан да биік – шамамен 7140 метрде болған, ол жерде жағдай тым қауіпті болып шықты.

47 жастағы альпинист «Победа» шыңынан (7439 м) түсу кезінде аяғынан жарақат алған. Алайда оны құтқару үшін жасалған бірнеше әрекет нәтижесіз аяқталды: ауа райының қолайсыздығы кедергі болса, тікұшақтар үшін қатты дауыл мен биіктік еңсерілмейтін тосқауылға айналды.

Айта кетейік, бұл – Наговицынаның отбасындағы алғашқы қайғы емес. 2021 жылы оның жұбайы Сергей Хан-Тәңірі шыңында қалып, сол жерде көз жұмған еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close