Жаңалықтар
100 миллион қаралым: Ақтөбеліктің бейнежазбасын Snoop Dogg бөлісті

Қазақстандық Махамбет Ермеков өзінің Instagram парақшасында кішкентай ұлының қаздан қашып бара жатқан сәтін бөліскен. Бұл видеоны америкалық рэпер Snoop Dogg бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz
Қазірдің өзінде видеоны Instagram желісінде 104 млн адам көріп үлгерді. Видеоны 8,3 млн адам ұнатып, 38,4 мың пікір қалдырған.
«100 миллион қаралым болады деп кім ойлаған», – деп жазды баланың әкесі Махамбет Ермеков.