Жаңалықтар

Қазақстанда қылмыс азайды ма?

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қазақстанда қылмыс 13%-ға азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qandastar.kz Үкіметке сілтеме жасап.

Күн сайын 14 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қоғамдық тәртіпті сақтауға жұмылдырылады.

Полиция 10 мыңнан астам қылмысты ашып, 10 млн-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кескен.

«Алдын алу шараларының арқасында қылмыс саны 13%-ға төмендеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға аз. Кісі өлтіру, қарақшылық, тонау, бұзақылық, ұрлық және мал ұрлығы азайды», — деп Ержан Сәденов.

Оның айтуынша, бұрын сотталғандар жасайтын, қоғамдық орындарда және қару-жарақпен жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтар саябырсыған.

«Алаяқтардың 2,2 млрд теңге көлеміндегі қаражатты есеп-шоттардан шығарып әкету әрекеттерінің жолы кесілді. Сонымен қатар азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығы да артып келеді», — деді Ержан Сәденов.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close