Жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Қазақстанның ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» сейсмикалық станциялар желісі 2 қыркүйек күні сағат 12:58-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 319 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Координаттары: 40.782° с.е., 78.865° ш.б. Жерасты дүмпулерінің тереңдігі – 5 шақырым.

Энергетикалық класы – 12.3, магнитудасы – MPV 5.7.

Алматыда жер сілкінісінің қарқыны (MSK-64 шкаласы бойынша) 2 балл болып сезілді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close