Жаңалықтар

Шымкентте іздеу жарияланған экс-депутат қолға түсті

Іздеу жарияланған Шымкенттің бұрынғы мәслихат депутаты Қуаныш Дәулеталиев табылып, сот отырысына жеткізілді, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Дәулеталиев сот отырысының күні мен уақыты туралы ескертуді елемегендіктен, сот оны мәжбүрлеп жеткізу туралы қаулы шығарды. Сотта оған қатысты қорлау дерегі бойынша арыз қаралды.

«Аталған қаулының орындалуын бақылау Тұран аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне жүктелді. Азамат анықталып, сотқа жеткізілді», — делінген Шымкент қалалық полиция департаменті хабарламасында.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланған болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close