Жаңалықтар

«Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынының билеттері 20 қыркүйекте сатылымға шығады

«Қайрат» – «Реал Мадрид» ойыны билеттері шамамен 20 қыркүйекте сатылымға шығады, деп хабарлайды Qandastar.kz. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді.

«Қолымыздағы ақпарат бойынша, билет сату ойыннан 10 күн бұрын басталады. Яғни, егер ойын 30 қыркүйекте өтетін болса, онда сатылым шамамен 20 қыркүйекте басталады», – деді Жарасбаев.

Вице-министр ойын билеті қанша тұратынын білмейтінін, «Қайрат» клубы бағаны сұранысқа сүйеніп белгілейтінін айтты. Айтуынша, билеттерді «Қайрат» клубының сайты немесе оның әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарынан алуға болады.

Айта кетейік, «Қайрат» – «Реал Мадрид» кездесуі 30 қыркүйекте Алматыда өтеді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close