Жаңалықтар

Қызылорда облысында жетім балалардың үй алу кезегі заңсыз бұзылған

Қармақшы ауданының прокуратурасы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамту мәселесі бойынша тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған санаттағы балалар тұрғын үй алуға бірінші кезекте құқылы.

Сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін үйлердің жалпы санының кемінде 20 пайызы аталған санаттағы балаларға берілуі тиіс.

Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар олардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу мүмкіндігін бұзған.

Тек прокурорлық қадағалау актісінен кейін ғана олардың құқықтары қалпына келтіріліп, заңсыз тұрғын үй кезегінен шығып қалған азаматша қайта кезекке қойылды және кезектегі 3 жетім бала көптен күткен баспанасына қол жеткізді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close