Жаңалықтар
Трамп Пентагонның атын «Соғыс министрлігі» деп өзгертпек

АҚШ президенті Дональд Трамп Пентагонның атауын «Соғыс министрлігі» деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қояды. Бұл туралы Fox News Ақ үйдің шенеунігіне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Ақпаратқа сәйкес, құжатта «Соғыс министрлігі» атауы Қорғаныс министрлігінің қосымша ресми атауы ретінде енгізілмек. Сондай-ақ ведомство басшысы үшін «соғыс министрі» атауы да қолданылады. Қазіргі уақытта Пентагонды Пит Хегсет басқарады.
Бұған дейін The Wall Street Journal Ақ үйде Трамптың екінші мерзімінің алғашқы күндерінен бастап Пентагон мен оның басшысының атауын өзгертуге қатысты «заңнамалық ұсыныстар» дайындала бастағанын жазған. Басылым мәліметінше, бұл өзгерістерді Конгресс мақұлдауынсыз жүзеге асыру жолдары қарастырылып жатыр.