Жаңалықтар
Қазақстанда Kcell және Activ абоненттері жаппай байланыс пен интернетсіз қалды

Фото: depositphotos.com
Kcell және Activ пайдаланушылары оператор жұмысына жаппай шағымданып жатыр. Қазақстандықтардың айтуынша, екі сағаттан астам уақыт бойы ұялы байланыс пен интернет жоқ, деп жазды qandastar.kz
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Абоненттер әлеуметтік желілерде мәселелерін бөлісіп жатыр:
«Интернет істемей қалды, мүлде жоқ, тіпті байланыс белгісі сызылып тұр. Бұл қалай болғаны? Тарифке қыруар ақша төлеймін», – делінген желі қолданушысының жазбасында.
Тағы бір желі қолданушысы оператордың байланыс орталығына хабарласа алмай отырғанын айтқан.
«Ашуланып отырмын, күн ортасында байланыс жоғалып кетті. Байланыс орталығына да қосылу мүмкін емес. Wi-Fi-сыз жүру мүмкін емес, ештеңе төлей алмайсың», – дейді тағы бір желі қолданушысы.
Ұялы байланыс операторының баспасөз қызметі ақау болғанын растап, апаттың себептері анықталып жатқанын хабарлады.
«Өкінішке қарай, қазір кейбір абоненттер мобильді интернетке қосылуда қиындықтарға тап болды. Біздің техникалық мамандар жағдайдың себептерін анықтап жатыр және мәселені жедел шешу үшін бар күшін салады. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз», – делінген компания хабарламасында.