Жаңалықтар

Отбасы банк жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосты

Фото: ашық дереккөз

«Отбасы банк» пен Алматы облысының әкімдігі өңірлік «Алатау» тұрғын үй бағдарламасын іске қосты, – деп хабарлайды qandastar.kz.

Бағдарламаға денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, энергетика, коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер қатыса алады (тұрғын үй төлемін алатын күштік құрылымдар қызметкерлерінен басқа).

«Алатау» бағдарламасының шарттары:

  • Несие сомасының ең жоғары мөлшері – 30 миллион теңгеге дейін;

  • Бастапқы жарна – 10%-дан бастап;

  • Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5% (ЖТСМ 5,1%-дан 6,9%-ға дейін);

  • Сатып алынатын тұрғын үй – Алматы облысындағы алғашқы нарықтағы пәтерлер.

Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

  • Жасы – 18-ден 60 жасқа дейін;

  • Өзі мен отбасы мүшелерінің атына тіркелген тұрғын үйдің немесе үлестің болмауы;

  • Сатып алу құқығымен жалға берілетін баспанаға ие болмауы;

  • Алматы облысында кемінде 24 ай ресми еңбек өтілі және міндетті зейнетақы аударымдарының болуы.

Іріктеу қалай өтеді?

Өтініштер Алматы облысының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және абаттандыру басқармасында қабылданады. Мекенжайы: Қонаев қаласы, Қонаев даңғылы 7/2, 1-қабат.

Өзіңізбен бірге келесі құжаттар болуы қажет:

  • жеке куәлік;

  • белгіленген үлгідегі қағаз түріндегі өтініш;

  • еңбек өтілін растайтын жұмыс орнынан анықтама;

  • көрсетілген еңбек өтілі кезеңіндегі зейнетақы аударымдары туралы анықтама;

  • өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (жұбайы, кәмелетке толмаған балалары) атына Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй тіркелмегенін растайтын анықтама;

  • спортшылар үшін: әлем чемпионаты мен Азия ойындарының чемпионы/жүлдегері мәртебесін растайтын құжаттар;

  • балалардың туу туралы куәлігі;

  • некені тіркеу туралы куәлік.

 

Қатысушылар тізімін әкімдік жанынан құрылған тұрғын үй комиссиясы жасақтайды. Комиссия өкілдері өтініштерді балдық жүйе бойынша бағалайды. Мұнда некеде болуы, балалар саны және еңбек өтілі ескеріледі. Кейін бағдарлама қатысушыларына Отбасы банкке несие өтінімін тапсыру үшін жолдама беріледі.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close