Жаңалықтар

Активтерді қайтару жөніндегі комитеті енді басқаша аталады

Фото: Ақорда

ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті енді Инвесторлар құқығын қорғау комитеті деп аталады, деп жазды qandastar.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында Активтерді қайтару комитетін қайта құру жөнінде тапсырма берді. Енді ол Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті деп аталатын болады. «Қазір инвестиция тарту — біздің ең басты міндетіміз. Жаңа министрлік құрудың қажеттілігі жоқ. Алайда бірде-бір мемлекеттік органның атауында «инвестиция» деген сөздің жоқтығы көзге айқын түседі», — деді Мемлекет басшысы. Президент премьер-министр Олжас Бектеновке 10 күн ішінде осы мәселе бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close