Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Жаңа дәуірдің бастамалары

Фото: жеке қорынан

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдай отырып, еліміз үшін аса маңызды жаңа бағыттар айқындалды. Президент көтерген мәселелердің өзегі – әділетті қоғам құру, экономика мен білімді жаңа сатыға шығару, заманауи технологияны батыл енгізу.

Білім және жасанды интеллект

Жолдауда ерекше назар аударылған салалардың бірі – білім. Президент жасанды интеллектіні меңгеру мектеп қабырғасынан басталуы қажет екенін нақты атап өтті. Бұл — біз үшін ғана емес, ұрпақтың болашағы үшін де тарихи шешім. Арнайы оқу бағдарламалары мен оқу материалдарының әзірленуі, ұстаздардың AI дағдыларын қалыптастыруы – еліміздің білім жүйесін түбегейлі жаңартуға жасалған нақты қадам. «Qazaq Digital Mektebi» үлгісінің қолға алынуы ауылдағы оқушыларға да сапалы білім алуға тең мүмкіндік беретінін қуана қолдаймын.

Arman-PV баспасы бұл жұмысты әлдеқашан бастап кеткен. Біз Ekitap.kz платформасы мен ArmanAI жобасын дамытып, жасанды интеллектіні білім беру процесіне нақты енгізіп жатырмыз. Президенттің бүгінгі бастамалары біздің осы еңбегімізді жалғастыруға жаңа серпін береді.

Су ресурстары және жаһандық құзыреттер

Президент бүгін су мәселесіне де тоқталды. Су тапшылығы – тек экономикалық емес, болашақтағы әлеуметтік тұрақтылыққа әсер ететін маңызды тақырып. Бұл мәселені шешу үшін қоғамда жаңа экологиялық мәдениет қалыптастыру қажет.

Arman-PV баспасында дайындалған «Жаһандық құзыреттер» оқулығында осы тақырып терең зерттеліп, оқу бағдарламасына енгізілді. Өйткені, судың құндылығы мен оны ұқыпты пайдалану қажеттігін әрбір бала мектеп қабырғасынан бастап білуі тиіс деп есептеймін.

Экономика және кәсіпкерлік

Жолдауда айтылған тағы бір маңызды тұс – инвестициялық ахуалды жақсарту және кәсіпкерлікке қолдау. Инвестициялық штаб пен жаңа цифрлық платформалар бизнестің дамуына жаңа арна ашады. Әсіресе, шағын және орта бизнеске көрсетілетін қолдау – елдің экономикалық тұрақтылығының кепілі.

Дегенмен, Президент айтқандай, реформалардың баяу жүруі мен бюрократиялық кедергілер әлі де шешімін табуы тиіс. Бұл сын орынды. Мемлекет тарапынан қойылған міндеттердің орындалуы нақты нәтижемен көрінуі – бизнес қауымдастығы үшін шешуші фактор.

Дидара Алина, Arman-PV баспасының бас директоры

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close