Жаңалықтар
Қазақстандықтар енді тіс емдеу үшін зейнетақы шегерімдерін қолдана алмайды

Фото: pixabay.com
Отбасы банкі 15 қыркүйектен бастап зейнетақы жинақтарының артығын стоматологиялық емге пайдалану бойынша өтінімдерді қабылдауды тоқтатады, деп жазды qandastar.kz
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Банк enpf-otbasy.kz онлайн платформасында стоматологиялық қызметтерге төлем жасау үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалану жөніндегі өтінімдерді қабылдау тоқтатылатынын мәлімдеді.
Ал осы күнге дейін берілген барлық өтінімдер жалпы тәртіппен қаралып, өңделеді.
Қаржы ұйымы зейнетақы жинақтарының артығын стоматологиялық емге пайдалану бойынша өтінімдерді қабылдау қайта басталған жағдайда, бұл туралы қосымша хабарланатынын нақтылады.
Стоматологиялық қызметтер үшін БЗТ-ны пайдалануды жоспарлап отырған азаматтар өтінімдерін 15 қыркүйекке дейін берулері қажет.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтардың «тіс емдету» үшін зейнетақы қорынан 200 миллиард теңге шешкенін хабарлаған едік.