Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар
Hilton қонақ үйі өртенді

Фото:ഹില്ട്ടണ് കഠ്മണ്ഡു (Photo by Reuters)…
Непалдың Катманду қаласында наразылық білдірушілер Hilton қонақ үйін өртеп жіберді, деп хабарлайды Qandastar.kz
Өртті сөндіру мүмкін болмады, — деп хабарлайды жергілікті Khabarhub басылымы.
10 қыркүйекте үнділік ANI ақпарат агенттігі ғимараттың түгел дерлік күйе басып қалғанын көрсететін видео жариялады. Кейбір қабаттарда ашық от көрінді.
Қонақ үйге шабуыл Непалдың билеуші Непал конгресі партиясының басшысы Шер Бахадур Деубаның ұлымен байланысты деген болжам бар.
Непалдағы «Z ұрпақ төңкерісі» деп аталатын наразылық шеруі үкіметтің 26 танымал әлеуметтік желі мен мессенджерге тыйым салуына байланысты 8 қыркүйекте басталды. Бұл жергілікті бизнес пен туризмге әсер етті, сонымен қатар адамдарды шетелдегі туыстарымен байланысу мүмкіндігінен айырды. Он мыңдаған жастар көшеге шықты, Катмандуда полициямен қақтығыс болды.
Қыркүйектің 9-ы күні Непал премьер-министрі елдегі наразылықтар салдарынан отставкаға кетті, ал үкімет бірқатар әлеуметтік желілерге тыйым салу туралы шешімін өзгертті.