Жаңалықтар

Cанат тараса, депутаттардан қанша қаржы үнемделеді?

Депутаттардың жалақысына қанша қаржы жұмсалады? Журналистер қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлына осындай сұрақ қойды, деп жазады qandastar.kz Alash.KZ-ке сілтеме жасап.

Вице-министрдің айтуынша, мәжілісте 98, ал сенатта 50 депутат бар. Алайда бір палаталы парламентке көшкенде бұл сан азаюы мүмкін.

«Парламентте депутаттардан бөлек саяси қызметшілер, сондай-ақ әкімшілік қызметкерлер бар. Олардың бәрін қосқанда жалақыға кететін қаржының жалпы көлемі 7,8 млрд теңгені құрайды», — деді Бейсенбекұлы.

Айта кетері, биылғы жолдауда президент бір палаталы парламентті құру бастамасын көтерді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close