Жаңалықтар
«Әйелім мен үшін дзюдодан бас тартты»: Айбек Оралбай үйленбес бұрын жұбайына шарт қойған

Бокстан әлем чемпионы Нұрбек Оралбай өзінің жеке өмірі мен отбасы туралы ашып айтты, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Ол танымал журналист Динара Сәтжанға сұхбат берген.
Былғары қолғап шебері әйеліне үйленбес бұрын өте ауыр шарт қойған.
«Үйде 4 ұлмыз. 2022 жылы мен үйдің үлкенімін ғой. Нұрбектен 5 минутқа үлкенмін. Ата-анамыз «үйлен, немере көрейік» деп айта бастады. Бәрінің немересі бар. Как раз үйленемін деп жүрген қызым бар еді сол кезде. Қазір әйелім ғой. Ол кісі дзюдошы болған. Екеуміз 2016 жылы Якутияда жарысқа барған кезде таныстық. 16 жастамыз. 4 жарым сағаттық рейсте таныстық. 2020 жылы айттым дзюдоны қоясың, менің саған деген ойым үйлену. Ол мені тыңдады, көнді. қазір енді ана болып отыр ғой. Бір баланың анасы, — деді әлем чемпионы.
Сондай-ақ Айбек Оралбай болашақта баласын боксқа бермейтінін де айтып қалды.
«Болашақта баламды дзюдоға берем. Себебі өзім бокста жүрген соң, білемін бокс жолы қандай қиын, ауыр екенін. Ұлымды қимаймын», — деді ол.