Жаңалықтар

Жемқорлықпен қамауда болған шенеунік Түркістан қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Фото: СПК Shymkent

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары болып бұрын Шымкент қаласының құрылыс басқармасын басқарған Әбілсейіт Рабаев тағайындалды, деп жазды qandastar.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2013 жылы Рабаев Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болған кезде қаржы полициясы оны тұтқындаған болатын.

Тергеу бюджеттік өтінімге Көксайек — Ақсу — Шаян — Мыңбұлақ жол учаскесі заңсыз енгізілгенін, ал оның жөндеуді қажет етпегенін айтты. Тергеушілердің болжамынша, орындалмаған жұмыстарға бюджеттен 131 миллион теңге жұмсалған.

Іс 35 том болды, 70-ке жуық куә жауап берді. Рабаев бір жылға жуық тұтқында болды. Алайда 2014 жылдың мамырында сот оны кінәсіз деп тапты.

Осыдан кейін Әбілсейіт Рабаев қызметіне қайта оралды.Ол қайтадан облыстық басқарманы басқарды, енді Түркістан әкімінің орынбасары қызметіне кіріспек.

Бұған дейін Hermes сөмкесі үшін істі болған Сәкен Мұсайбеков «Барыс» хоккей клубының бас директоры болып тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close