
Фото: ашық дереккөз
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова әйелдер арасындағы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтің көшбасшысы атанды, – деп хабарлайды qandastar.kz
Ол 5 021 ұпай жинап, әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді.
Екінші орында – 4 738 ұпайы бар ресейлік Сабина Гилязова, ал үздік үштікті 4 727 ұпаймен италиялық Ассунта Скутто түйіндеді. Төртінші және бесінші орындарға швед спортшысы Тара Бабулфат (4 286 ұпай) пен франциялық Ширин Букли (4 020 ұпай) жайғасты.
Әбиба Әбужақынова – дзюдодан еліміздегі ең танымал балуандардың бірі. Ол үш мәрте әлем чемпионатының жүлдегері: 2025 жылы – күміс, 2022 және 2024 жылдары – қола медаль иеленді. Азия чемпионаттарында да екі рет күміс жүлдеге қол жеткізген.



