Мәдениет

Backstreet Boys тобының концертіне қанша адам жиналды?

Фото: Астана әкімдігі

«Астана Арена» стадионында тарихи іс-шара өтті, елордада әлемге әйгілі Backstreet Boys тобы өнер көрсетті, – деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты. Концертке Германия, Польша, Франция, Түркия, Финляндия, Литва, Эстония, Чехия, Сербия, Грекия, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан және тағы басқа елдерді қоса алғанда, 45 мемлекеттен 12 мыңнан астам турист арнайы келді, деп жазды qandastar.kz

Backstreet Boys концерті Астанадағы әлемдік жұлдыздардың кезекті қойылымы ғана емес, елорда тарихына енген ауқымды мәдени оқиғаға айналды. Әлемдік музыкалық тарихтағы ең табысты поп-топтардың бірі саналатын Backstreet Boys 130 миллионнан астам альбом сатты. Астанадағы концерт олардың әлемдік турнесінің бір бөлігі болды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button