
Фото: dknews
Сауда және интеграция министрлігі сиыр еті нарығындағы жағдайға байланысты жедел желі іске қосылғанын хабарлады. Бұл бастама халықпен және кәсіпкерлермен кері байланысты күшейту, азық-түлік нарығындағы ашықтықты қамтамасыз ету және туындаған мәселелерге жедел әрекет ету мақсатында қолға алынды, деп хабарлайды qandastar.kz.
Жедел желі республика бойынша жұмыс істейді. Оған азаматтар да, кәсіпкерлер де хабарласа алады. Байланыс нөмірлеріне келіп түсетін өтініштер, негізінен, сиыр еті бағасының өсуі, сауда орындарындағы үстемеақылар және өнім жеткізу барысында туындайтын қиындықтар туралы болмақ.
Өңірлер бойынша жедел желі нөмірлері:
-
Астана: 8 (7172) 57-64-02
-
Алматы: 8 (727) 392-21-54
-
Шымкент: 8 (7252) 53-07-06
-
Абай облысы: 8 (7222) 35-37-43
-
Ақмола облысы: 8 (7162) 50-29-89
-
Ақтөбе облысы: 8 (7132) 54-81-26
-
Алматы облысы: 8 (7272) 72-50-083
-
Атырау облысы: 8 (7122) 52-03-91
-
Батыс Қазақстан облысы: 8 (7112) 50-00-44
-
Жамбыл облысы: 8 (7262) 54-21-69
-
Жетісу облысы: 8 (7282) 41-56-10
-
Қарағанды облысы: 8 (7212) 21-42-08
-
Қостанай облысы: 8 (7142) 53-46-80
-
Қызылорда облысы: 8 (7242) 71-15-30
-
Маңғыстау облысы: 8 (7292) 43-14-34, 43-01-17
-
Павлодар облысы: 8 (7182) 55-10-70
-
Солтүстік Қазақстан облысы: 8 (7152) 46-81-33
-
Түркістан облысы:
-
Әбдусаттаров Нұрдәулет: +7 707 111 65 01
-
Әшімханов Асқар: +7 771 322 82 82
-
-
Ұлытау облысы: 8 (7102) 76-30-10
-
Шығыс Қазақстан облысы: 8 (7232) 26-72-07
Министр Арман Шаққалиевтің айтуынша, сиыр еті бағасын негізсіз көтергендерге қатысты нақты шаралар қабылдануда. Делдалдарға қарсы 45 әкімшілік іс қозғалып, әлеуметтік маңызы бар тауарларға заңмен белгіленген 15% сауда үстемесін бұзғандарға 350 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.



