
Фото:
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұловтың мәлімдеуінше, өңірде екі мемлекеттік қызметкердің құмар ойындарға әуестігі салдарынан жұмыстан босатылғаны анықталды, деп жазды qandastar.kz
«Бүгінгі өткен дөңгелек үстелде мемлекеттік қызметтің абыройына нұқсан келтіретін әрекеттер, этикалық нормалардың бұзылуы және мемлекеттік қызметшілерге қойылған шектеулерді сақтау мәселелері талқыланды. Өкінішке қарай, біздің өңірде екі қызметкердің құмар ойындарға байланысты орынсыз әрекеттерге жол бергені анықталып, екеуі де теріс себептермен қызметінен босатылды», – деді департамент басшысы.
Сонымен қатар, Тоқтамыс Жұмағұлов облыста кейбір лауазымды тұлғалар арасында есірткі қолдану фактілері де тіркелгенін атап өтті. Осыған байланысты департамент құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейткен.



