Жаңалықтар

Отан алдындағы борышын өтеуге кеткен сарбаз жындыханада жатыр

Маңғыстау облысында 18 жастағы жас сарбаз қазір жындыханада жатыр. Бейнеу ауданында Отан алдындағы борышын өтеп жатқан бозбаланың туыстары бұл жағдайды тепсе темір үзетін бозбаланың денсаулығымен байланыстырмайды. Керісінше әскердегі әлімжеттік себеп деп отыр, деп хабарлайды qandastar.kz.

Жыларман болған жақындары баламыз қысым мен таяққа шыдай алмай бірнеше мәрте өз-өзіне қол салмақ болған деп отыр. Ал әскери бөлімнің қызметкерлері жағдайды тексерудің орнына жауынгерді психикалық орталыққа жатқызып, істі жасыруға тырысты деп ашынады.

Қорғаныс министрінен көмек сұраған ананың арызын әріптесім Махаббат Нұржанқызы тыңдап келді. Сұлтан Шынтеміровты сәуір айында әскерге көшеден алып кеткен екен. «Информбюро» берген сұхбатында анасы 18 жастағы бозбала әлімжеттіктің құрбаны болған. Көрген қорлығына шыдай алмай білегін тіліп жіберген. Арада бес ай өткен соң екінші рет өзіне қол салыпты. Шыр-пыр болған келіншек ұлының психикалық орталықта жатқанын басқа ата-аналардан естіп, алып-ұшып осында жеткен.

– Маған Бекзат командирі айтты звондап сіздің балаңыз жүрек пен почкадан ұсталып тұр. Соны докторға апара жатырмыз деп айтты маған. Почкасын тексертеді, жүрегін тексертеміз деп айтты деп өтірік алдап психбольницаға әкеліп жатқызып тастаған. Оны мен ата-анадан естімесем баламның психбольницада жатқанын да білмеймін, – дейді сарбаздың анасы Лаура Шынтемірова.

Бейнеу ауданындағы 99116 әскери бөлімінде борышын өтеп жатқан жас жігіт анасына әскери бөлім қызметкерлерінің ұрып-соғатынын айтыпты. Лаура Шынтемірова әскерилер жас сарбаздарды қара жұмысқа жегіп, дәретханада азаптайды деп отыр.

– Өз баламды танымай қалдым шыны керек. Бұндай қылып жібермеген едім. Суреттері де бар. Стройкаға салып тастаған менің баламды еще, ұмытып бара жатырмын оны айтамын деп. Біреудің үйінде стройкаға кірпіш құйғызып қойған бұл балаға еще. 99116 әскери бөлімінің полный составын тексерсін, – дейді сарбаздың анасы Лаура Шынтемірова.

Ал Сұлтан Шынтеміровтың психикалық денсаулық орталығында жатқанына бір апта болыпты. Одан өзге мұнда тағы екі сарбаз емделіп жатыр екен.

– Өз-өздеріне жарақат білектеріне сырылған жарақаттар болған. Соған байланысты бізге как суицидиальные признаки деп сонымен алып келді бізге. Психолог, психотерапевт мамандары қарайды, жасап жатыр. Әскерге барып, жындыханадан бір-ақ шыққан сарбаздардың ісіне қатысты тексеріс басталды. Оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия анықтамақ, – дейді Маңғыстау облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Мәди Тоқанов.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button