
Фото: ашық дереккөз
Польшаның сыртқы істер министрі Радослав Сикорский БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтері алдында журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды qandastar.kz
Ulysmedia.kz жазуынша, министрге Польша билігінің Ресейдің сыртқы саясатына, оған қарсы санкцияларға және БҰҰ-дағы орнына қатысты ұстанымы жөнінде сұрақтар қойылған.
«БҰҰ Жарғысы мен Қауіпсіздік Кеңесі мүшесіне жүктелген міндеттемелерді бұзған агрессор ел ұйым құрамында қалмауы керек. Заттарды өз атымен атау маңызды. Ресейден алыста орналасқан, оның тікелей басқыншылығына ұшырамаған, бірақ империализмнің дәмін татқан елдер бар. Біз Ресейдің Украинаға қарсы соғысын — Ресей империясын қайта құруға бағытталған әрекет деп санаймыз. Империализмді бастан өткерген елдер, соның ішінде Қытай да, бұл басқыншылықты дәл осылай көріп, айыптайды деп үміттенеміз», – деді Сикорский.
Сондай-ақ журналистер министрден поляктар Ресей тарапынан келер қауіптен қауіптене ме деп сұрағанда, ол:
«Өкінішке қарай, иә. Біз Ресеймен 500 жылдан бері көршіміз. Осы уақыт ішінде үйренгеніміз бар: егер Ресей қоқан-лоқы жасаса, оны жеңіл-желпі қабылдауға болмайды. Өйткені ол мұндай әрекеттерін үнемі қайталап отырады», – деп жауап берді.



