
фото: ашық дереккөз
Қазақстанда салынып жатқан алғашқы атом электр станциясына атау беру байқауы 25 қыркүйекте басталады, деп хабарлайды qandastar.kz
Үздік атауға қатысты ұсыныстарды азаматтар eGov Mobile қосымшасы арқылы 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін жолдай алады. Ал жеңімпаз атау қазан айының соңына дейін анықталмақ.
«Ашық әрі әділ өтетін байқауда кез келген қазақстандық өз нұсқасын ұсына алады. Қорытынды шешімді комиссия шығарады», – деп хабарлады атом энергиясы жөніндегі агенттік.
Комиссия құрамында қоғам белсенділері, шығармашылық индустрия өкілдері, сондай-ақ атом энергетикасы, филология және тарих саласының сарапшылары бар.



