Жаңалықтар

Перизат Қайрат пен анасының ісі қайта қаралмақ

Фото: Әлеуметтік желіден

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға шыққан сот үкімі апелляцияда қайта қаралады, деп хабарлайды qandastar.kz.

Сот отырысы бүгін, яғни 24 қыркүйекте 14:30-ға белгіленгені белгілі болды.

«2025 жылғы 24 қыркүйекте апелляциялық инстанция Перизат Қайрат пен оның анасы Алашбаева Г.-ның адвокаты берген апелляциялық шағымды қарайды», – делінген сот таратқан ресми ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Перизат Қайрат – 10 жылға, анасы – 7 жылға сотталғанын жазғанбыз. Олардан 50 жәбірленушіге 1,5 млрд теңге өндіріп алынбақ. Прокурорлардың мәліметіне сүйенсек, 2021 жылдан 2024 жылға дейін Перизат Қайрат пен оның анасы 3,5 млрд теңгені қолма-қол шешіп алған. Енді олар жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейтін болады.

Back to top button