
21 қыркүйекте Алматы Аренада өткен Нұрлан Абдуллиннің жеке шығармашылық кеші әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Әнші сахнада Say Mo лақап атымен танымал Мөлдір Есембекпен бірге ән шырқап, заманауи бағытта биледі, деп жазды qandastar.kz
Кейбірі Абдуллиннің сахнадағы белсенділігі мен жас көрінісін оң бағалап, оны «харизмасы тасып тұрған жиырма жастағы жігітке» теңесе, енді бір бөлігі оның бұл әрекетін сынап, дәстүрлі сахна мәдениетінен ауытқыды деп есептеді.
Пікірлер арасында:
– «Сахнаның киесі қайда қалды?»
– «Сабырлы жігіт еді, өзгеріп кетіпті»
– «Абдуллин де заманға ілесемін деп шектен шыққан ба?»
– «Жай ғана шоу емес, шектен тыс әрекет»
деген сияқты көзқарастар да айтылды.
Айта кетейік, Нұрлан Абдуллин – отандық эстрадада өзіндік орны бар әнші. Бұл концерт оның шығармашылық жолындағы кезекті маңызды оқиғалардың бірі ретінде ұйымдастырылған болатын.