Жаңалықтар

Нұрболхан Шарапов төртінші мәрте әке атанды

Белгілі әзілкеш Нұрболхан Шарапов төртінші мәрте әке атанды. Сүйінші жаңалықты ол өзінің әлеуметтік парақшасында бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz.

– Сүйінші! 4-ші рет әке болдым! 4 қыздың әкесі, – деп жазды ол.

Желіде оны өмірдегі және өнердегі достары мен оқырмандары жарыса құттықтады. «Бауы берік болсын, майкөтен қыз болсын», «еркектен тек мықты қыздар туылады, Құтты болсын Нұрболханқызының өмірге келгені, жұмаққа кезексіз», «Мәәә, не деген керемет жаңалық! Бауы берік болсын! Салиқалы ұрпақтардан болсын», «Астың ащы болғанын тұздан көрдім, Жердің қатты болғанын мұздан көрдім, Жас кезімде қыз бала деп менсінбеуші едім, қартайғанда құрметті қыздан көрдім, дегендей Құдай бұйыртса рахатты 4 қызғалдақтан көресің» деп жазды.

Back to top button