Жаңалықтар

Қазақстанда сарбаздар әскери бөлімді өздері таңдай алады

фото: ашық дереккөз

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақырылғандар үшін жаңа мүмкіндік пайда болды. Енді әскерге барар жастар өздері қызмет еткісі келетін әскери бөлімді онлайн таңдай алады, деп хабарлайды qandastar.kz.

Қорғаныс министрлігі бұл қызметті жаңа MyArmy.kz порталы арқылы пилоттық режимде іске қосты. Министрлік мәліметінше, платформа азаматтар мен армия арасындағы байланысты жеңілдетіп, бұрын тек әскери комиссариатта көрсетілетін қызметтерді онлайн форматта қолжетімді етті.

Енді портал арқылы мерзімді қызметке немесе келісімшарт бойынша әскерге баруға өтінім беруге болады. Процесс қарапайым: сайттағы арнайы форма толтырылады, кейін әскери комиссариат құжаттарды қарап шығады. Кандидат медициналық тексерістен өту үшін шақырылады және қажетті анализдер тізімі электронды түрде беріледі. Тексерістің қорытындысы бойынша өтінім мақұлданады немесе кері қайтарылады.

Әзірге жүйе тек Алматы облысындағы №78460 әскери бөлімінде сынақтан өтуде. Қорғаныс министрлігі алдағы уақытта басқа бөлімдердің де порталға қосылатынын, алайда нақты мерзімі кейін белгілі болатынын атап өтті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button