Жаңалықтар

Жанәбіловтерге қатысты қылмыстық іс қозғалады

Фото: ашық дереккөз

 

Ерболат Жанәбілов пен жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс қозғалу алдында. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді, деп жазды qandastar.kz

Сот үкімі 15 қыркүйекте шыққан, енді 10 күн өткен соң заңды күшіне енеді. Осыдан кейін Жанәбіловтер ісіне құқықтық баға беріледі.

Неден басталды?

Жанәбіловтер Instagram парақшасында 11 көлік ұтысын жариялаған. Бірақ 21 тамызда күткен тікелей эфирдің орнына оқырмандарға 30 мың теңге тұратын ақылы курс ұсынылып, ұтысқа тек сол курсты сатып алғандар ғана қатыса алатыны белгілі болды.

Бұл әрекет әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырып, істің соңы сотқа жетті.

 Тағы кімдерге шара қолданылды?

Блогер Нұртаза Нұрбек (лақап аты — Justking) те әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол Алматыда үй ұтысын ұйымдастырған. Енді оның ресми табысы мен салық төлеуі тексеріледі.

Жалған ұтыс ұйымдастыру, алаяқтыққа ұқсас әрекеттер қоғамда сенімсіздік пен наразылық тудырып отыр. Құқық қорғау органдары мұндай әрекеттерге қатаң заңдық баға бермек.

Back to top button