
Фото: Әлеуметтік желіден
Әлеуметтік желіде әлемге әйгілі актер Джеки Чанның Алматыға келгені туралы хабар тарады, деп хабарлайды qandastar.kz.
Желіде оның елде болуын растайтын видеолар пайда болды, бірақ әзірге ресми растау жоқ. Сондай-ақ, актердің Қазақстанда фильм түсіріліміне қатысуы мүмкін деген ақпарат бар.
Көпшілікке арналған парақшалардың бірінде Чанды «5:32», «Қара аула», «Шекер» және басқа да сәтті жобаларды жасаумен танымал қазақстандық Salem Entertainment медиа-компаниясының өкілдері қарсы алғаны жазылған.
Жоғарыда атап өткендей, әлемдік киножұлдыздың сапарының мақсаты әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Дегенмен қазақстандық кинотанушы Кәрім Қадырбаев өз парақшасында жақын арада Джеки Чан тікелей қатысатын жобаның егжей-тегжейлерімен бөлісетінін хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін елде әлемге әйгілі жұлдыздар, соның ішінде Джеки Чан мен америкалық продюсерлердің қатысуымен бірқатар халықаралық киножобалар жүзеге асырылып жатқаны хабарланған болатын. Бұл туралы үкімет отырысында Salem Entertainment цифрлық медиа-компаниясының бас директоры Игорь Цай мәлімдеді.