
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Сыртқы істер министрі қызметінен босатылып, мемлекет басшысының халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады, деп жазады qandastar.kz
Сондай-ақ, Ержан Хозеұлы Қазыхан халықаралық мәселелер жөніндегі президент көмекшісі қызметінен босатылды.
Мұрат Нұртілеу – тәжірибелі дипломат. Ол 1976 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде халықаралық қатынастар мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын Сыртқы істер министрлігінде бастаған ол түрлі жылдары Малайзия, Финляндия және Эстониядағы Қазақстан елшіліктерінде, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінде және Президент әкімшілігінде жауапты қызметтер атқарды.
2023 жылдың сәуір айынан бастап Сыртқы істер министрі қызметін атқарды. 2024 жылдың ақпанында бұл қызметке қайта тағайындалған еді.