
Фото: gov.kz
Журналист Айдарбек Сапаровты жалған ақпарат таратты деп айыптап, полицияға шағымданды, деп жазды qandastar.kz
Белгілі журналист Кирилл Павлов ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты жалған мәлімет таратты деп айыптап, Астана қалалық полиция департаментіне ресми арыз түсірген. Бұл жөнінде Stan.kz хабарлайды.
Журналист бұл туралы өзінің Telegram-арнасында жариялады.
«Министр Сапаровтың еліміздің сүт өнімдерімен өзін-өзі 100% қамтамасыз етіп отыр деген мәлімдемесі шындыққа жанаспайды деп есептеймін. Сол себепті полицияға арыз бердім», – деп жазды Павлов.
Сонымен қатар, ол Қазақстан президентінің әкімшілігін бұл мәселені жіті назарда ұстауға шақырды.
Павловтың айтуынша, ресми статистика мен халықаралық мәліметтер Қазақстанның сүт өнімдерін әлі де шетелден импорттайтынын көрсетіп отыр. 2024 жылы елге 183 мың тонна сүт пен сүт өнімдері әкелініп, бұл импорт көлемі 410,7 миллион АҚШ долларын құраған (дереккөздер: Ұлттық статистика бюросы, UN Comtrade, БАҚ материалдары). Оның үстіне, ірімшік пен сүзбе нарығында импорттың үлесі – 48%, ал май мен сүт өнімдері бойынша – 15% шамасында (салалық қауымдастық деректері бойынша).