
Фото: парламент сенатының баспасөз қызметі
Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт Instagram парақшасында қазақ әйелдеріне арнап маңызды үндеу жасады. Ол әйел денсаулығында ерекше орын алатын – жүктілікті жоспарлау мәселесіне тоқталды, деп жазды qandastar.kz
«Әйел әрқашан таңдау алдында тұрады: табиғи жолмен, яғни күнтізбе арқылы жоспарлау немесе гормоналды контрацептивтерді қолдану. Соңғысына қатысты қоғамда түрлі қате пікірлер мен қорқыныштар бар», – деді тележүргізуші.
Әйелдер арасында гормоналды дәрілер салмақ қосады, либидоны төмендетеді, тіпті, қатерлі ісікке әкелуі мүмкін деген мифтер кең тараған. Бұл қорқыныштарды «Гедеон Рихтер Қазақстан» компаниясының дәстүрлі түрде жүргізетін «Әйелдер дауысы» атты сауалнамасының нәтижесі де көрсетіп отыр.
Аталған компанияның қолдауымен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында гинекологтармен өткен кездесуде эстетрол негізіндегі, жаңа буын контрацептив таныстырылды.
Медицина ғылымдарының докторы, профессор Талшын Укібасова:
«Бұл – табиғи эстрогеннен алынған жаңа препарат. Эстетрол ағзаға жеңіл бейімделеді, тромбоз бен жүрек-қан тамыр жүйесіне зияны аз. Ол сұйықтық жиналуын туғызбайды, тәбетті өзгертпейді және салмақ қостырмайды. Бұл – әсіресе артық салмақтан қорқатын әйелдер үшін маңызды», – деді.
Эндометриоз институтының директоры, профессор Әйкерім Дощанова бұл препараттың тағы бір артықшылығына тоқталды:
«Жаңа контрацептивтің жүктіліктен қорғау тиімділігі – 99,6%. Оны тоқтатқан соң, әйелдердің көпшілігінде овуляция бір ай ішінде қалпына келеді. Сонымен қатар, 24/4 қабылдау режимі – өте ыңғайлы әрі бейімделуге жеңіл. Бұл әйелдердің қажеттіліктеріне бағытталған заманауи шешім», – деді ол.