
Фото: Әлеуметтік желіден
Алматыда «Елге көмек» қайырымдылық қорының жетекшісі көпшілік арасында «Робин гуд» аталып кеткен Ілияс Сариев пен «MM Travel» компаниясының директоры Ақтоты Дүйсееваның ісі қаралып жатыр, деп хабарлады qandastar.kz.
Тергеу дерегіне сәйкес, Дүйсеева «қажылыққа арзан бағамен апарамыз» деп елден миллиондаған теңге жинаған. Ал Сариев науқастарға «35 миллион теңге халықтан жинап беремін» деп қызметіне 1,5 миллион сұраған.
Сотта бірнеше жәбірленуші өз ақшаларын қайтаруды талап етті. Айтуларынша, Дүйсеева қолхат жазып, уәде бергенімен қаражатты қайтармаған. Кейбір азаматтар Сариевтің тіпті WhatsApp-та чат ашып, «ақшаны қайтарамыз, арыз жазбаңыздар» деп алдағанын жеткізді.
Жалпы бұл іс бойынша 27 эпизод қаралып жатыр. Оның алтауы – Сариевке, қалғаны – Дүйсееваға қатысты.